Kaspi.kz акционерлеріне 170 млрд теңгеге жуық дивиденд төлейді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Kaspi.kz 2024 жылдың екінші тоқсанында бір қарапайым акцияға 850 теңгеден төлемек / Фото: Shutterstock

Kaspi.kz акционерлеріне 170 млрд теңгеге жуық дивиденд төлейді. Бұл туралы fintech ұйымның Қазақстан қор биржасына ұсынған құжатында жазылған.

«Kaspi.kz 2024 жылдың екінші тоқсанында бір қарапайым акцияға 850 теңге немесе шығарылған қарапайыс акциялардың (199,5 млн дана) санына қарай 169,5 млрд теңге көлемінде дивидендтер төлейді», – деп көрсетілген құжатта.

Компанияның жариялаған қарапайым акцияларының саны 216 млн 742 мың дана, орналастырылған қарапайым акцияларының саны 199,5 млн дананы құрайды.

Бұл ретте АҚШ биржасында компания акциялары 120 доллар шамасында саудаланса, Қазақстан қор биржасында орта есеппен 55-60 доллардан сатылып жатыр.

2024 жылдың бірінші тоқсанында компания дәл осындай сома төлеген еді. Бұл ретте АҚ бағалы қағаздарының 24,24%-ы Baring Funds-қа, 21,53%-ы Михаил Ломтадзеге, 20,39%-ы Вячеслав Кимге тиесілі.

Еске сала кетсек, бірінші тоқсанда intech ұйымның кірісі 40%, таза пайдасы 28% өсті

2024 жылғы қаңтарда Kaspi.kz тобының негізгі акционерлері бағалы қағаздарын америкалық NASDAQ биржасында орналастырды. Онда компания шамамен 1 млрд доллар табыс тапты.

Сондай-ақ оқыңыз