Елена Рыбакина АҚШ-тағы US Open турнирін жалғастырудан бас тартты

Жарияланды 30 Тамыз 2024 11:01

(жаңартылды 2 Қыркүйек 2024 16:54)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Рыбакина
Бұл туралы спортшы кезекті ойынға бір сағат қалғанда хабарлады / Фото: ФТК

Елена Рыбакина АҚШ-тағы US Open турнирін жалғастырудан бас тартты. Спортшы бұл шешімге жарақаты әсер еткенін айтты.

Ол чемпионаттың екінші айналымында франциялық теннисші Джессика Поншемен кортқа шығуы керек еді. Алайда ойынға бір сағат қалғанда мәлімдеме жасап, жарыстан тыс қалды.

«Жарақаттарыма байланысты бас тартуға мәжбүр болдым. Осы маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирін осылай аяқтағым келмеген еді. Алайда денсаулығыма қарауым керек болды. Жыл соңындағы жарыстарды сәтті өткіземін деп ойлаймын. Мені қолдаған және қолдап жатқан барлық жанкүйеріме  алғыс білдіремін. Ал қалған ойыншыларға сәттілік тілеймін», – деді Рыбакина. 

Еске сала кетсек, Елена Париж Олимпиадасына қатыспады. Қазақстан теннис федерациясы спортшының денсаулығында кінәрат болғандықтан, осындай шешім қабылдады деп түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыз