BYD Han флагмандық седаны жаңартылды. Бұған сатылымның төмендеуі ықпал етті

Жарияланды 10 Қыркүйек 2024 14:45

(жаңартылды 10 Қыркүйек 2024 15:09)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Қытайда жалпы BYD сатылымы артты / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

BYD бренді – Қытай нарығында көшбасшы. Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығы дерегінше, оның сатылымы 2024 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында 1 599 346 көлікті құрады (+21,3%). Бірақ BYD Han седанының сатылымы төмендеген. Яғни алты айда 111 075 бірлік көлік сатылды (-9,6%).

Сондықтан Қытайда бұл модельдің жаңартылған нұсқасы ұсынылды. Оның жалпы сатылым көлемі өндіріс басталғаннан бері 800 000 бірліктен асты. 2025 жылы BYD Han моделі жақсарып һәм жаңарып қана қоймай арзандамақ. Атап айтқанда, негізгі электрлік модификациядан басқа барлық көлік түрі үшін баға төмендеді.

BYD Han электр көлік ретінде де, гибрид ретінде де ұсынылады. Бірақ екеуінің сыртқы түрі еш ерекшеленбейді. Ең қымбат моделінде алдыңғы әйнек үстінде лидары бар шығыңқы орын пайда болды – бұл алдыңғы қатарлы электронды жүргізуші көмекшілері мен автопилоттың жұмысы үшін қажет.

Электрлік нұсқалары 400 вольттан 800 вольттық түріне ауыстырылды. Седанның негізгі өлшемдері өзгерген жоқ: жалпы ұзындығы – 4995 мм, ені – 1910 мм, биіктігі – 1495 мм, бөңгелектері – 2920 мм. Дөңгелектері 18 немесе 19 дюймді.

Интерьер дизайны бірдей, бірақ борттық электроника жаңартылған. 15,6 дюймдік мультимедиялық экран 2,5 К-ға дейін ұлғайтылды. Стандартты Dynaudio аудио жүйесінде 12 динамик бар.

Еске сала кетсек, Қытай автокөлік нарығында сауда бәсеңдеді. Соған қарамастан BYD сатылымы рекордтық деңгейге жетті.

Сондай-ақ оқыңыз