Биткойн бағасы 4,7 пайызға өсіп, 84 мың доллардан асты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Биткойн бағасы 4,7 пайызға өсіп, 84 мың доллардан асты / фото: shutterstock

Тарихта алғаш рет биткойн құны 4,7 пайызға өсіп, 84 мың доллардан асты. CoinMarketCap онлайн-биржасының мәліметінше, биткоин бағамы 11 қараша күні 84 375,29 долларға дейін көтерілді.

Сарапшылардың ойынша, биткоинның күрт қымбаттауына Дональд Трамптың Ақ үйге оралуы және Конгреске криптовалюта жақтастарының өтуі себеп. Трамп үгіт-насихат науқанында АҚШ-ты «планетаның крипто астанасы» етуге уәде берген еді әрі биткоиннан ұлттық қор жинайтынын айтқан.

Айта кетейік, биткоин 2008 жылы пайда болған тарихтағы алғашқы криптовалюта. Алғашқы кезеңде биткоинның бағасы $0,00099 болды. 5 мың биткоин сатудан келген алғашқы келісім-шарт сатушыға $5 табыс әкелді. Содан бері биткоинның жасаушысының жеке тұлғасы туралы талқылаулар үздіксіз жалғасып келеді. Биткоинның шығу тарихы мен оның жасаушысының кім екені жөніндегі сұрақтар бүгінгі күні де өзекті болып қала береді.

8 қазан күні HBO арнасында көптен күткен биткоин тарихын зерттейтін Money Electric деректі фильмі шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз