Ұлттық банк 1000 теңгелік коллекциялық монета шығарды
Ұлттық банк 1000 теңгелік коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Екі түрлі дизайнмен шыққан монеталардың бірі – ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI, екінші -FATIMA QOLY деп аталады.
Екі монетада «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясымен шыққан. Олардың Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.
ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2022 жылы ашылған Орталық Азиядағы ең ірі Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Монетада арабша жазу бар, ол мұсылманша амандасу сөзі. Монета құрамында 925 сынамды күміс бар. 1 мың данамен таралатын монета 25 қарашада сатылымға шығады.
FATIMA QOLY монетасында әртүрлі ұлттардың мәдениетіне тән ашық алақан бейнеленген. Мағыналық тұрғыдан бұл «тұмар» деп есептеледі. Монета 925 сынамды күмістен жасалып, алтын жалатылған. 3 мың данамен таралатын монетаны 28 қарашадан бастап сатып алуға болады.