Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер ортақ биржа құруға бір табан жақын
Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь пен Армения үшін ортақ биржа құрылмақ. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО елдерінде брокерлер мен дилерлердің басқа мүше мемлекеттердегі биржа саудасына қатысуына рұқсат беретін Келісім жобасын мақұлдаған.
Құжатқа енді мемлекеттік органдар келісім беруі шарт. Ішкі мемлекеттік келісімдер аяқталған соң, келісімге 2025 жылы қол қойылмақ.
Бұл келісім брокерлерге өз елінде алынған лицензиясы негізінде ЕАЭО елдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік бермек. Атап айтқанда, саудаға қатысуға өтінім беру және мәміле жасау, клирингтік ұйымдардың қызметтерін пайдалана отырып, клирингке қатысып, ұйымдастырылған сауда алаңдарына шығып, сондай-ақ депозитарийлерде тиісті шот аша алады.
Лицензия беру туралы шешімді ЕАЭО мүше мемлекеттерінің биржалары өзі қабылдайды.
«Құжат инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, биржалық қаржы құралдарының өтімділігі мен тартымдылығын арттырады», – деді ЕЭК-тің қаржы және экономика министі Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар Сұлтанов бұл Келісімді ЕАЭО қаржы нарығын біріктірудің маңызды бөлігі деп атады.