Toyota Қытайда Lexus электромобильдерін шығаратын зауыт салады

Жарияланды 24 Желтоқсан 2024 16:37

Еңлік Нұрболат

Еңлік Нұрболат

автор
Toyota Қытайда алғашқы жеке зауытын ашады/ Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Toyota Қытайда алғашқы жеке зауытын ашады/ Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Әлемге әйгілі жапондық автокөлік бренді Toyota Қытайда жеке кәсіпорын салады. Зауытта өзінің премиум сегментіне кіретін Lexus брендінің электромобильдерін шығаратын болады. Бұл туралы Nikkei Asia басылымы хабарлады.

Дереккөз ақпаратына сүйенсек, зауыт Шанхайда орналасады және шамамен 2027 жылы іске қосылады. Осы арқылы Toyota әлемдегі ең ірі автомобиль нарығындағы позициясын нығайтпақ. 

Қазіргі уақытта Toyota Қытайда автокөліктерді тек жергілікті өндірушілермен бірлескен кәсіпорындарда шығарады. Мысалы, оның FAW компаниясымен бірлескен кәсіпорны бар. Зауыт жазда Чэндуде жаңа Land Cruiser Prado өндірісін бастады. Toyota-ның қытайлық серіктестеріне GAC және BYD кіреді.

Осылайша, Шанхай зауыты Toyota-ның дербес жұмыс істейтін алғашқы жергілікті зауыты болмақ. Компанияның өзі инсайдерлердің ақпаратын әлі растаған жоқ.

Қытай Lexus үшін АҚШ-тан кейінгі екінші маңызды нарық болып есептеледі. Өткен жылы америкалықтар 320 мыңнан астам премиум көлік, ал қытайлықтар 180 мыңнан астам көлік сатып алған еді. 

Lexus 2024 жылдың сәуір айында Шанхай автосалонына әкелінген LF-ZC концепциясында «жасыл» көліктер сериясын дамыту бойынша болжамдарын таныстырды. LF-ZC концепт көлік толық жетекті және шамамен 1000 шақырым қашықтыққа жететін хэтчбек сериялы болады. Бұл көлік қытайлық жаңа зауыттың құрылысы аяқталғанға дейін өндіріледі деп күтілуде.

Жалпы Lexus бренд тарихындағы алғашқы электромобильін 2022 жылы сәуірде таныстырды. RZ 450e бірнеше жылдан бері құпия болып келген. Бұған дейін интернет желісінде автоның алғашқы фотолары тарады. Енді міне, осындай «жасыл» көліктердің дені «аспан асты елінде» өндірілеуі мүмкін. 

Еске сала кетсек, 2025 жылы Toyota компаниясы GAC брендімен бірлесіп электрокар шығарытынын хабарлады. BZ7 автокөлігі Қытайда құрастырылмақ. Тоқпен жүретін жүретін темір тұлпардың өндірісі келесі жылы қолға алынады.

Сондай-ақ оқыңыз