«Қазақтелеком» акциясы 33%-ға құлдырады

Жарияланды
«Қазақтелеком» акциялары құлдырап, саудасы уақытша тоқтады / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

22 қаңтардағы сауда сессиясында «Қазақтелекомның» артықшылыққа ие акциялары 33,1%-ға арзандады. Бір акцияның бағасы 41,1 мың теңгеден 27,5 мың теңгеге дейін түсті. Мұны Қазақстан қор биржасының сайтындағы деректерден көруге болады.

Артықшылыққа ие акциялар бойынша соңғы мәмілелер 22 қаңтарда, 11:44-те болған. Одан кейін бес сағатқа жуық уақыт ішінде ешқандай мәміле жасалмаған яғни сауда жүргізілмеген.

Ал компанияның қарапайым акциялары бойынша сауда тоқтаған жоқ, бірақ оның да құны түскен. Астана уақыты бойынша 17:00-де бір акция бағасы 1,39%-ға төмендеп, 48 мың теңгеден сатылды.

Осы жыл басында «Қазақтелеком» Tele2/Altel брендтері қарайтын «Мобайл Телеком-Сервисті» катарлық компанияға сатуды толық аяқтағаны хабарлады. Сол кезде «Қазақтелеком» акциялары қымбаттап, бір күнде 7% қосты.

Осыған дейін «Қазақтелекомның» 2024 жыл соңында биржаға шығарған құнды қағаздарын бір ай өтпей жатып қайтарып алғанын жазып едік.

«Қазақтелекомның» ең ірі акционері – «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры. Компания акцияларының 71,32%-ын иеленеді. Ал 8,1%-ы Jusan Bank-ке қарайды.

Сондай-ақ оқыңыз