Қазақстанға Джерси аралдарынан көшкен Solidcore Resources plc кірісін бір жарым есе арттырған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

Қазақстанға 2023 жылы көшкен Solidcore Resources plc компаниясының түсімі 2024 жылы 49%-ға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларына жеткен. Компания өндіріс жоспары артығымен орындалып, қаржы көрсеткіштері жақсарғаны жайлы есеп берді.

Компания қанша алтын сатты?

Solidcore Resources plc былтыр жылдық өндірістік жоспарын 3%-ға артығымен орындаған. Нәтижесінде түсім 1,3 млрд АҚШ долларын құраған. Оған себеп – алтын бағасының қымбаттауы мен сатылым көлемінің артуы.

Былтыр компанияның 490 мың унция алтын өндірген. Бұл көрсеткіш 475 мың унция деп жоспарланған өндірістен 3%-ға жоғары. Алайда IV тоқсанда өндіріс 18%-ға төмендеп, 119 мың унцияны құраған

Қанша қаржы түсті?

Компания түсімі былтыр 49%-ға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларына жетті. IV тоқсандағы кіріс 322 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 10%-ға артқан. Компанияның таза ақша позициясы 374 млн АҚШ долларын құрады.

Компания 2024 жылы Ертіс гидрометаллургиялық комбинатының құрылысын бастаған.

«Жоба бойынша технологиялық жабдықтар толық сатып алынып, құрылыс жұмыстары басталды», – делінген хабарламада.

Осыған қоса, 2025 жылы жобаның құрылыс шығындары 160 млн АҚШ долларын құрауы мүмкін.

2025 жылға жоспары қандай?

2025 жылы компания 470 мың унция болатын алтын өндіруді жоспарлап отыр. Өндіріс Қызыл және Варварин кен орнындағы кен құрамының өзгеруі байланысты азаймақ.

Сондай-ақ компания Кызыл кен орнынан алынған жоғары көміртекті концентратты сыртқы гидрометаллургиялық кешендерге бағыттауды жоспарлап отыр.

Компанияның капитал шығыны 300 млн АҚШ долларына жетуі мүмкін. Бұл соманың бір бөлігі Ертіс гидрометаллургиялық комбинатының құрылысына кетеді.

2024 жылы AIX биржасында аталмыш компания акциялары көптеп сатылған. Solidcore Resources plc – Қазақстандағы екінші ірі алтын өндіруші компания.

Сондай-ақ оқыңыз