Танымал кино және театр актері Берік Айтжановтың күлкісі әлем жұртшылығының назарын өзіне бұрып отыр. Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина және өзге де елдердің тұрғындарын Айтжановтың нағыз ерлерге тән салқынқанды кескіні мен күлкісі сүйсіндірген.
Аз кем шегініс жасасақ, ұдайы шаш алдыртып жүрген барберлердің қылығы актердің көңілін көтеріп тастап отыр.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада шынымен де күлкілі жағдай көрініс береді. Берік Айтжанов шаш қысқартып отырған кезде, шаштараз көмекшісінен ымдап, қайшы сұрап, қолын созады. Оның не сұрағанын «ұқпаған» көмекшісі сасып қалып, шаштараздың қолынан сүйіп алады. Шаштараз көмекшісінің бетінен шапалақпен тартып қалады. Есін жиып алған көмекшісі қолына дереу қайшы ұстады. Расында да, қас пен көздің арасында болған бұл іс-әрекеттер еріксіз езу тартқызады.
Күтпеген жерден қызық сәтке куә болған актер балаша күлген.
Бұл оқиғаның қалай болғаны жайында барбершопта шаштараз болып актердің шашын қиған Дамир Кәженов KursivMedia-ға баяндап берді.
«Берік Айтжанов – менің тұрақты клиентім. Оны қандай реакция білдірер екен деп, алдын ала келісіп, осындай «қойылым» жасадық. Қалғаны өздеріңіз бейнежазбадан көргендей болып шықты», – дейді шаштараз.
«Күлкілі болды. Салқынқандылығын қолмен жұлып алғандай болды», «Олар маған қатты ұнайды. Күлкілері қандай тамаша» деп жазып жатыр желі қолданушылары. Әлемнің түкпір-түкпірінен осындай жылы лебіз білдіріліп жатыр.
Берік Айтжанов 1979 жылы Қызылорда облысында өмірге дүниеге келген. Көптеген қазақстандық фильмдерде ойнап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген актер. Оның арасында «Ликвидатор», «Жау жүрек мың бала», «Ағайынды», «Анаға апарар жол» атты танымал фильмдер де бар.