iPhone 18 Pro-дан ақау шықты, Apple түзетуге уәде берді

Жарияланды 24 Қыркүйек 2026 15:23

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
Apple, бильд-редактор: Дастан Шанай

Apple компаниясы iPhone 18 Pro құрылғысын өшіріп, қосу кезінде пайда болатын ақауды түзетпек, деп хабарлайды Kursiv.media.   

9to5mac ақпаратына қарағанда, бұған арналған бағдарламалық жасақтама жаңартылып, келесі аптада шықпақ.

iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max пайдаланушылары Face ID арқылы авторизация жасау әрекеті сәтсіз аяқталып, телефон қатып қалып, өшіріп, қосуға мәжбүр болған. Мамандар бұны аппараттық ақаудан гөрі бағдарламалық жасақтамадағы қате деп есептейді.

Apple компаниясы мәселені шешуге арналған бағдарламалық жасақтама жаңартуы әзірленіп жатқанын және оның келесі аптаның басында қолжетімді болатынын жеткізді.

iPhone 18 Pro және Pro Max модельдерінде қайта жасалған Face ID сенсорлар жүйесі қолданылады. Онда инфрақызыл камера экранның артына, күй жолағындағы сағат көрсетілетін орынға жақынырақ орналастырылған. Соның нәтижесінде Dynamic Island-дың көрінетін аумағы 25%-ға қысқарған.

Бұған қоса, Apple жақында Apple Watch Series 12 және Ultra 4 модельдерінің кездейсоқ қайта іске қосылу мәселесін түзету үшін watchOS 27.0.1 жаңартуын да шығарды.

Айта кететін жайт, Қазақстанда iPhone 18-дің бағасы АҚШ-тан 60 пайызға қымбат сатылып жатыр

Сондай-ақ оқыңыз