Жаңалықтар

Ең бай бизнесмендер. Президентпен кездесуге кімдер шақырылған

Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен ҚҚС мәселесін талқылады. Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесуде ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесін қайта қарауды тапсырды. «Курсив» басылымы кездесуге кімдер шақырылғанын зерделеді.

Бұл кездесуге Қазақстанның ең бай кәсіпкері, Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким (байлығы $5,8 млрд), сондай-ақ Halyk Bank-тің 56,39%-ын «Алмэкс» холдингтік тобы арқылы басқаратын Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Құлыбаева ($5 млрд), Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, сондай-ақ ForteBank-тің мажоритарлық акционері Болат Өтемұратов ($2,7 млрд) қатысты.

Үміт Шаяхметова мен Болат Өтемұратов та қатысты / Фото: Ақорда

Сонымен қатар, Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және негізгі акционері Тимур Турлов ($3,3 млрд), Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорациясының акционері Сергей Кан ($292 млн), Nomad Life және Nomad Insurance директорлар кеңесінің төрағасы Алмас Мынбаев ($250 млн), Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев (Қазақстанның ең ықпалды кәсіпкерлерінің қатарында, 26-орын), Astana Group негізін қалаушы және иесі Нұрлан Смағұлов ($980 млн), Alageum Electric директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов болды.

Айдын Рахымбаеы пен Юрий Цхай да осында / Фото: Ақорда

BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев ($886 млн), Orbis Kazakhstan негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмұдов ($375 млн), Банк ЦентрКредит мажоритарлық акционері Бахытбек Байсейітов ($376 млн), Visor Kazakhstan компаниясының иесі Айдан Карибжанов ($198 млн), «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің негізін қалаушы Ерлан Сүлейменов, Қарағанды фармацевтикалық кешенінің бас директоры Сергей Барон шақырылды.

Нұрлан Смағұлов та шақырылған Фото: Ақорда

Кездесуде сондай-ақ кәсіпкер және бұрынғы сенатор Юрий Цхай (2014 жылы Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерлер тізіміне енген, 2023 жылға дейін Allur компаниялар тобының акционері болған), Tengri Partners басқарушы серіктесі Ануар Ушбаев, «Атамекен» ҰКП басшысы Райымбек Баталов болды.

Кездесуге мемлекеттік органдардың басшылары да қатысты, олардың қатарында премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Президент кеңесшілері Ерұлан Жамаубаев пен Қуанышбек Есекеев, «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Бас прокурор Берік Асылов, Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Елиманов, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, «Бәйтерек» холдингінің басшысы Рустам Қарағойшин болды.

Бұл кездесу салық саясатын қайта қарау, экономикалық даму және бизнесті қолдау мәселелерін талқылауға бағытталды.