Санкцияға іліккен ББР Банкі қайтадан Қазақстанға ақша аудара бастады
Жарияланды
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/bbr-bank-1024x576.png)
ББР Банк Қазақстанға ақша аудару қызметін қайта іске қосты. Бірақ әзірге жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін ғана қолжетімді.
Кәсіпкерлер Ресей мен Қазақстан арасында 1800-25 000 рубль арасында қаражат аудара алады, комиссия 0,3%.
ББР Банк – Ресей нарығында 30 жылдан бері жұмыс істейтін қаржы ұйымы. Қазақстандағы Еуразия банкінің ресейлік рублімен операция жасайтын корреспонденты болған.
Былтыр АҚШ санкциясына байланысты ресейлік банктердің Қазақстанға ақша аударымы қиындай түсті. Оның арасында ББР Банк те бар еді. Қазақстандық банктер ресейлік қаржы ұйымдарымен байланыстарын азайтты. Себебі оларға да қайталама санкция қаупі төнуі мүмкін еді.