Әйелдер неге көзге шөп салады – ер адамдар жіберетін үш қателік қандай

Жарияланды 13 Ақпан 2025 19:34

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

Тілші s.ostemir@kursiv.media
Ер адамдар ұдайы жанында ұстауы тиіс әйел психикасының үш қағидаты бар

Әйелдер неге көзге шөп салады? Психологтар мұның ер адамдар жіберетін үш қателікті ескермеуде жатқанын алға тартып отыр.

Клубердің жазуынша, әйелдердің еркектерге қоятын талабы әртүрлі.

Шөп салуға не итермелейді?

Десе де, бұл талаптарды үш маңызды нәрсеге топтастыруға болады. Оның бірі болмаса, шаңырақтың уығы тайып, басқа жаққа қисайып кетуі ғажап емес.

Мамандардың айтуынша, ер адамдар ұдайы жанында ұстауы тиіс әйел психикасының үш қағидаты бар. Мұны ескермеу көзге шөп шалуға әкеп соғуы әбден мүмкін.

Ер адамнан әйел күтетін бірінші нәрсе

Енді әйелдерге ер адамнан ұдайы күтетін басты нәрселерге тоқталайық.

Біріншісі – қорғау. Әйелдерге көшеде бұзақылардан қорғайтын дүлей күш иелері ұнайтыны анық. Десе де, өмірде бұл өте сирек кездесетін жағдай. Бір қарағанда бәйкүнә көрінетін, бірақ әйел жанына дақ түсіретін ұсақ-түйектерден қорғай білу де өнер екен. Ер адам өзінің туыстарынан да, адуынды бастығынан да қорғауға әзір болуы тиіс. Материалдық мәселелерден қорғау туралы сөз қозғаудың өзі де артық болар.

Әйел адам қолымнан келмейді-ау деген істерде ер адамның көмегін күтеді. Тыныштық пен қауіпсіздік сыйлау – әйел қауымы үшін таптырмас кәде.

Екінші нәрсе не?

Әрине, екінші нәрсе – көмек. Қол ұшын бермесеңіз: «Әйелдер неге көзге шөп салады?» деп таңырқаудың қажеті жоқ. Бұл әйелдер үшін махабаттыңызды білдірудің бір түрі. Көмектен бас тартсаңыз, мұны нәзік жандылар үшін «сені сүймеймін» деген сөзіңізбен пара-пар нәрсе. Сондықтан, жарыңыздың шамасы бірдеңеге жетпей жатса, әрдайым қол ұшын созуға дайын болыңыз.

Бұл тұрмыстағы ұсақ-түйек нәрселерге де қатысты. Бала жұбатуға, ас-су әзірлеуге де қолғабыс берсеңіз, ұтасыз.

Үшінші қағидат не?

Басты нәрселердің бірі, әрине, төсек ләззатын сыйлау. Дұрысы, төсектегі эмоцияның қанықтығы. Ер адамдардан өзгешелігі, әйелдер төсектегі қимыл-қозғалыстан бұрын, нәзіктікке, құштарлыққа, ынтызарлыққа ерекше назар аударады.

Шаруасын тындырып алып, қорылға басу, сөз жоқ, аздық етеді. Төсекте эмоция сыйлау алу өнерін игеру қажет.  

Сонда, «Әйелдер неге көзге шөп салады?» деген сауал сізді мазаламайтын көрінеді.

Мұның алдында эмоциялық қажу мәселесі туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз