![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/hq720.jpg)
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен қытайлық өнерпаз Гун Линна қазақтың халық әні «Қараторғай» әнін шырқады. Қос әншінің ерекше орындауы жанкүйерлерді таңғалдырды.
Жұлдызды жұп орындауындағы ән YouTube желісінде жарияланып, қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинады. Димаштың ерекше вокалдық мүмкіндіктері мен Гун Линнаның әсерлі орындауы тыңдармандардың жоғары бағасына ие болды.
«Қараторғай» – қазақтың халық әні, табиғат пен еркіндікті жырлайтын терең мағыналы туынды. Димаш бұл әнді бұған дейін де түрлі сахналарда орындаған, алайда бұл жолғы дуэт ерекше форматта ұсынылды. Гун Линна – Қытайдың дәстүрлі музыкасын насихаттаушы өнерпаз, оның орындаушылық стилі ұлттық және заманауи элементтерді біріктіреді.
Желі қолданушылары қос әншінің үйлесімділігіне тәнті болып, «Қазақ және қытай мәдениетінің тоғысуы», «Музыка ұлтқа, дінге бөлінбейді» деген пікірлер қалдырды.
Бұған дейін, Димаш Қытайдағы «шамдар фестивалінде» алғаш рет Джеки Чанның фильмінде орындаған саундтрегін шырқады.