Астанада Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысы 2 млрд теңгеге қымбаттады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Астанадағы стадион құрылысына бөлінген ақша 2 млрд теңгеге артты / Фото: gov.kz, бильд-редактор: Артур Алескеров

Астанада 2026 жылы салынатын Мұңайтпасов атындағы стадионның жаңа ғимараты құрылысына бөлінетін қаражат 2 млрд теңгеге артып, 17 млрд теңге болды.

Бұл туралы Қаржы министрлігі Арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылатын жобалар тізімінде жарияланған құжатта айтылған. Бұған дейін осы жобаға 15 млрд теңгеден аса қаржы бөлінетіні хабарланған.

Құжатта Астана қаласы «Сарыарқа» ауданындағы Кенесары көшесінде салынатын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысына 17,3 млрд теңге жұмсалатыны айтылған. Алайда жоба құны не себепті бірден 2 млрд теңгеге көтерілгені хабарланбады.

Былтыр қарашада Астанадағы Орталық стадионның жаңа ғимаратының құрылысына 15 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалғалы жатқаны мәлім болған. Тендерді BiGlobal компаниясы жеңіп алған.

«Тапсырыс беруші – «Астана қалалық құрылыс басқармасы» МБ; сипаттамасы – Астана қаласы «Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 14-те Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысы; жоспарланған қаражат – Т15 228 082 539,89», — деп жазылған мемлекет сауда сайтындағы лот сипаттамасында.

Қазір мемлекеттік сауда сайтында мұндай ақпарат жоқ.

Бұған дейін Kursiv.Media Астанада Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион бұзылып, оның орынан жаңа стадион салынатынын, құрылыс 2026 жылы аяқталатынын жазған. Жаңа стадион жобасы UEFA стандарттарына сай, ауданы 7140 шаршы метр болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз