Салық шуынан соң 12 блогер 1,4 млрд теңге кірісіне есеп тапсырған

Блогерлердің салық төлемеуіне қатысты шудан соң, 12 блогер 1,4 млрд теңге кірісіне есеп тапсырған. Декларацияланған кірістен олар 73,6 млн теңге салық төледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қазіргі кезде 854 блогерге «ескерту» жіберілген. Олар 71,9 млрд теңге сомасындағы кірісіне есеп тапсырылмаған. Блогерлер бұл ескертуге 30 жұмыс күні ішінде жауап беруі керек.
«Мемлекеттік кірістер комитеті кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шараларын жалғастырып жатыр. Осы шаралар барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі», – делінген Мемлекеттік кірісте комитетінің хабарламасында.
Бұған дейін кірістер комитеті 550-ге тарта блогердің 53 млрд теңгеден аса кірісін салық есебінде көрсетпегенін хабарлады.