Зейнетақы қорындағы артық ақшаны баланың еміне жұмсауға болады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Зейнетақы қорындағы жеткілікті шектен асатын артық ақшаны баланың еміне жұмсауға болады. Денсаулық сақтау министрлігі «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулыға осындай өзгеріс енгізді. Бұл өзгеріс 27 сәуірден өз күшіне енеді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қолы қойылған бұйрыққа сәйкес, емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін айқындайды.

Жаңа тәртіп бойынша, енді зейнетақы жинақтарын кәмелетке толмаған балалардың еміне жұмсауға болады. Қандай еш-домға жұмсауға болатыны қаулы қосымшасында жазылған.

Қандай аурулардың еміне зейнетақы жинағын алуға болады?

Қаулыға сәйкес, біржолды зейнетақы төлемін сирек кездесетін ауралардан бастап, көз емдеуге дейін жұмсауға болады. Тізімге сирек кездесетін (орфандық) ауруларды емдеу, тіс пен туабітті ақауларды түзету, радионуклидтік және радиойодтерапия, радиохирургиялық ем, протон терапия мен көз аурулары енген.

Зейнетақы жинаған баланың еміне жұмсау үшін алдымен бірреттік төлем алуға шоттағы ақша жете ме, жетпей ме, соны анықтау керек. Содан кейін жеке кабинет арқылы өтініш беріп, қажетті соманы көрсетеді.

Кәмелетке толмаған баланың ем-домы үшін алушы немесе оның заңды өкілі арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін, медициналық ұйымды таңдап, тіркелген емханасына барып өтініш жазады.

Стоматологиялық қызмет көрсетілген кезде дәрігер-консультациялық комиссия салалық маманның қорытындысын, ұсынылған медициналық құжаттарды қарап, қорытынды шығарады.

2021 жылдан бері қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, ем алу және инвестициялық компанияларға аудара алады. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айында азаматтар тұрғын үй мен емдеуге 157,89 млрд теңге көлемінде біржолғы зейнетақы төлемін алған.

Сондай-ақ оқыңыз