«Қазақстан» қонақүйінің иесі арзан несие алып, Алматыда тағы екі отель салмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінің иесі Хакан Касановтың отбасы мегаполисте тағы екі заманауи қонақүй салмақ. Жобаға қажет қаржыны олар «Қазақстанның даму банкінен» жеңілдетілген несие ретінде тартпақ.

Банктің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, екі өтінімнің бірі – Hilton қонақүйінің құрылысына арналған жоба мақұлданған. Арзан несиеге өтінімді «Trade Market 1» серіктестігі берген. Бұл компанияның бенефициары ретінде Хакан Касанов көрсетілген. Жобаға қанша қаржы бөлінгені нақтыланбаған.

Kompra дерегіне сәйкес, аталмыш компания 2016 жылы тіркелген. Түпкі иесі Усеин Касанов деп көрсетілген. 20017 жылдан бері жалпы 7,8 млн теңге салық төлеген.

Ал екінші жоба – Meliora by Vignette Collection. Ол банк сараптамасынан өтіп жатыр. Бұл жобаға өтінімді KIG Stpoi компаниясы берген. Түпкі иесі – Касанов Мурат Зиятдинұлы.

Хакан мен Мұрат – ағалы-інілі Зиятдин мен Усеинннің балалары.

Forbes басылымының жазуынша, Касановтар отбасының Алматыдағы қонақүй бизнесіндегі үлесі үлкен. Олардың меншігінде әйгілі «Қазақстан» қонақүйі, Ambassador Hotel Almaty, сондай-ақ Premier Alatau қонақүйі мен бизнес-орталық бар. Бұдан бөлек, олар Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан бес жұлдызды Intercontinental Istanbul қонақүйіне де иелік етеді.

Сондай-ақ оқыңыз