Жаңалықтар

Алматыда жүргізуші әскери кафедра студентін қағып кетті

Алматыда жүргізуші әскери кафедра студентін қағып кетті
Алматыда жүргізуші әскери кафедра студентін қағып кетті/Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматы қаласында әскери кафедра студентін көлік қағып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр.

Ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.

Департамент мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін түс кезінде орын алған. Анықталғандай, кафедра студенті жолды рұқсет етілмеген жерден кесіп өтпек болған.

«КIA маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші Байтұрсынов көшесімен оңтүстік бағытқа бет алып бара жатқан кезде, жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болған 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан азамат дене жарақаттарын алды» делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бүгінде аталған оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін, Алматы облысында қыз алып қашып келе жатқан көлік апатқа ұшырап, қалыңдық қаза тапқан.