Жаңалықтар

Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесті

Пан Ги Мун ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын атап өтті / фото: Ақорда
Пан Ги Мун ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын атап өтті / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы, БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.

Ақорда ақпаратына қарағанда, Қазақстан президенті иститут төрағасын Астана халықаралық форумы алаңында әңгімелескен.

«Мемлекет басшысы Жаһандық жасыл даму институтына еліміздің көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы мен Арал теңізінің құрғаған табанын экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру бағдарламасына қатысқаны үшін алғыс айтты», – делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тоқаев  Пан Ги Мун Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына жұмсаған күш-жігерін қолдайтынын айтқан. Сондай-ақ ол ғаламдық экологиялық бастамаларды іске асыру мақсатымен ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын атап өткен.

Сонымен қатар, AIF аясында президент бірқатар маңызды кездесулер өткізді.