Жаңалықтар

Астанада 2100 балабақша қызметкеріне жалақы төленбеген

Астанада 2100 балабақша қызметкеріне жалақы төленбеген
Астанада 2100 балабақша қызметкеріне жалақы төленбеген/Фото: shutterstock

Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы ірі көлемде еңбек заңнамасын бұзған жағдай туралы хабарлады.

Заңның орындалуын қадағалайтын орган талдау нәтижесінде қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 2 100 қызметкеріне еңбекақы төлемеу, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салықтар мен медициналық сақтандыру төлемдерін аудармау деректерін анықтаған.

Қадағалау актісін қарау нәтижесінде 1 млрд теңге мөлшеріндегі еңбекақы бойынша берешек толық өтелген.

Жол берген бұзушылықтар үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Бұған дейін, Еңбек министрлігі елде кәсіпорындар 3,5 мыңнан астам жұмыскерге айлық бермей келгенін хабарлаған. Жалпы, 239 кәсіпорынның берешегі 1,3 млрд теңгеден асып жығылған.