Жаңалықтар

Оралда қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

Оралда сәбидің мәйіті табылды/фото: shutterstock

Оралда қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«Орал қаласында сәби мәйіті табылуына байланысты полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Анасының жеке басын анықтау бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген БҚО полициясы таратқан ақпаратта.

Бұған дейін 2025 жылдың сәуірінде пойыз ішінде босанған әйелдің сәбиін лақтырып кеткені белгілі болды. Бұл жағдай Қызылорда – Астана бағытында жолаушылар тасымалдайтын пойызда болған.