
22 тамызда, жұма күні, еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс циклон әсер етеді. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда жаңбыр, найзағай, ал солтүстік өңірлерде қатты жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Ел аумағында жел күшейеді. Солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Ауа температурасы аймақтар бойынша
Солтүстікте: түнде +8…+15 °C, күндіз +20…+25 °C
Орталықта: түнде +9…+18 °C, күндіз +18…+30 °C
Шығыста: түнде +7…+18 °C, күндіз +19…+27 °C
Батыста: түнде +15…+23 °C, күндіз +30…+37 °C
Солтүстік-батыста: түнде +8…+16 °C, күндіз +25…+33 °C
Оңтүстікте: түнде +13…+22 °C, күндіз +27…+35 °C
Оңтүстік-шығыста: түнде +10…+22 °C, күндіз +20…+32 °C
Мұның алдында еліміздің кейбір өңірлерінде алдағы күндері жер күшейіп, бұршақ жауатынын жазған едік.