
Челси клубына ауысқалы отырған Дастан Сәтпаев дұғасы ұдайы қабыл болатынын, бес уақыт намаз оқитынын айтты
Оның пікірінше, Челси клубы «жасаған дұғасының арқасында» оған назар аударған.
Бұл жайында 17 жасар қазақ футболшысы Нобель Арустамянға берген сұхбатында айтқан.
«Мен жиырмасыншы минутта ойынға қосылдым. Оған дейін намаз оқыдым. Намаз уақыты белгілі уақытқа бекітілгені мәлім. Мәселен, намаз уақыты қыздырыну кезінде келді. Содан кейін оқыдық. Біз күніге бес уақыт намаз оқимыз», – деді журналист.
«Бұл сен үшін неге маңызды?» деп сұраған ресейлік журналистке:
«Өйткені, бұл мені рухани тұрғыдан дамытады. Бәрі Аллладан. Маған көмектеседі. Мен сәждеге жығылып, дұға етіп, бір нәрсе сұрасам, біраз уақыттан соң мен оған қол жеткіземін. Бұл менің босқа дұға етпейтінімді көрсетеді. Және бұған жұмыс істеймін. Бұдан жарылқау болады», – дейді жас футболшы.
Тіпті, жас таланттың сөзіне қарағанда, Челсиге ауысуына да құлшылығы себепкер болған екен.
«Егжей-тегжейін айтпай-ақ қояйын. Маған еуропалық клубтардың бірі назар аударғанын қалап, дұға жасаған едім. Ол орындалды», – деді Дастан Сәтпаев.
Мұның алдында жас таланттың Nike компаниясымен келісімшартқа отырғаны туралы хабарлаған едік.