
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада өтетін спорттық-мәдени, әлеуметтік-интеллектуалдық іс-шаралардың тізімі шықты.
23 тамыз
- Байқоңыр ауданы әкімінің кубогына мемлекеттік ұйымдар арасында футбол турнирі өтеді.
24 тамыз
- Қыздар арасында волейбол чемпионаты («Ұлытау»).
- «ALMATY RUN» жарысы (Триатлон саябағы).
25 тамыз
- «Ата заңымыз – айбатты!» құқық сабағы (№4 кітапхана).
- Зейнеткерлер арасындағы шахмат жарысы (Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы).
- «Конституция – бірліктің нышаны» челленджі (Е.Серкебаев атындағы мектеп).
- «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» балалар сурет байқауы (Байқоңыр ауданы).
26 тамыз
- «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң!» поэзия байқауы (№1 өнер мектебі).
27 тамыз
- «Астана кубогы» велоспорттан жарыс.
- Көркем гимнастика (ашық чемпионат).
- «Жетісу» саябағында инклюзивті фестиваль.
- «Біздің заң – біздің болашағымыз» ұрпақтар диалогы.
- Жастардың экологиялық акциясы.
- Кітапханаларда көрмелер мен адамгершілік сабақтары.
- Ұлттық академиялық кітапханада «Мемлекеттілікті нығайтудың 30 жылы» кездесуі.
- Ардагерлер арасында шахмат пен үстел теннисі (27–28 тамыз).
28 тамыз
- Көзі нашар көретіндерге арналған танымдық сағат.
- «Адалдық – сенім» челленджі (Оқушылар сарайы).
- «Конституция – әділдік пен бірліктің кепілі» пікірталасы (Достық үйі).
- Оқушылар арасындағы шахмат турнирі (№79 мектеп).
29 тамыз
- «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» көрмесі (Байқоңыр ауданы).
- Мини-футбол, қол күресі және арқан тарту турнирлері.
- Филармонияда және жағалауда концерттер.
- «АЛЖИР» музейінде дәріс.
- Ту тарату акциялары және викториналар.
30 тамыз – Конституция күні
- А.Мәмбетовов атындағы театр алдындағы концерт.
- Волейбол, теннис, асық ату ойындары.
- «Астана Орманы» аумағында жаппай велошеру.
- «Арбатта» этномәдени орталықтардың концерті.
31 тамыз
- «Saryarqa Run» марафоны.
Сонымен қатар, мерейтой құрметіне жаңа аулалар, 14 мың орындық мектептер және балабақшалар ашылады.
Бұған дейін, әлемге танымал италиялық әнші Андреа Бочелли Алматыда концерт беретінін жазғанбыз.