
Павлодарда облыс прокуратурасының қызметкеріне қатысты тергеу басталды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, тұрғын прокуратура қызметкерінің үстінен арызданған. Оның алаяқтық жасағанын мәлімдеген.
Содан кейін Павлодар облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі өңірлік ҰҚК департаментімен бірлесіп, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Алайда қызметкердің аты-жөні нақтыланбады.
Қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды.
Бұған дейін Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіров қызметінен шеттетілді.