Жаңалықтар

«Алатау» театры қалай жаңғыртылады

"Алатау" театры қалай жаңғыртылады
«Алатау» театры қалай жаңғыртылады / фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстың барысымен қала әкімі Дархан Сатыбалды танысты.

«Алатау» халықтың музыкалық мұрасын, қазақ руханиятын және фольклорын насихаттауға маманданған елдегі бірегей мәдени нысан.

 фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қайта жөндеу аясында мұнда қасбетті жаңарту, тозған орындықтарды ауыстыру, өртке қарсы жабынды төсеу, сондай-ақ әртістердің өтініші бойынша сахнаны жаңғырту жоспарланған.

Сондай-ақ әкім Alatau Creative Hub кітапханасына бас сұққан.

 фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұнда 25 тегін үйірме, мультимедиялық студия мен IT-зертхана жұмыс істейді. Кітапхана тәулік бойы қызмет көрсетіп, жыл сайын 430 мыңнан астам оқырман қабылдайды. Арнайы қажеттілігі бар жандарға да жағдай жасалған.

Бұған дейін, Алматы әкімі Шаңырақтағы су мен кәріз желісі құрылысын екі айда аяқтауға уәде берген.