
«Қайрат» футбол клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий жарақатынан толық айығып, қайтадан жаттығу процесіне қосылды. Бұл туралы клубтың ресми парақшасы хабарлады.
Команданың Instagram желісінде жарияланған видеода Заруцкийдің жеке дайындық өткізіп жатқан сәттері көрсетілген.
Айта кетейік, Заруцкий тамыз айында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі матчта жарақат алған болатын. Оның орнын сол кезде Темірлан Анарбеков басқан еді. Алайда біраз уақыттан кейін Анарбековтің өзі де жарақат алып, қақпаға 18 жастағы Шерхан Қалмырза шыққан.
Осылайша, маусым барысында «Қайраттың» үш бірдей қақпашысы алаңға шығып, жанкүйерлер ықыласына бөленді.