
Қазақстанда бір тәулікте ЖРВИ жұқтыру деңгейі күрт өсті. Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 25 қарашада 21 451 жаңа жағдай тіркелді. Ал бір күн бұрын, 24 қарашада, небәрі 1612 жағдай болған. Бір тәуліктегі өсім шамамен 13 есе.
1 қыркүйекте басталған эпидемиологиялық маусымнан бері елде 1 998 181 ЖРВИ жағдайы анықталды. Сонымен қатар 1253 тұмау жағдайы расталды. Оның 1250-і А (H3N2) типі. Бұл вирус «гонконг тұмауы» деп аталады және бұрыннан агрессивті әрі тез тарайтыны айтылған.
Ауру көбейіп жатқан кезеңде вакцинация да жалғасып жатыр. Министрлік ақпараты бойынша 2,2 миллионнан астам адам тұмауға қарсы екпе алған.
Тұмау өршіген тұста дәрігерлер адам көп жиналатын жерлерде мұқият болыңыздар, маска тағып жүріңіздер деген кеңес берді.
Кейбір мамандар қазір тарап жатқан Гонгонк тұмауы қыста өрши түсуі мүмкін деп болжайды.