Жаңалықтар

Әлемдегі ең ұзақ әуе бағыты іске қосылды

Жалпы қашықтық – шамамен 20 мың шақырым / фото: КursivMedia мұрағаты
Жалпы қашықтық – шамамен 20 мың шақырым / фото: КursivMedia мұрағаты

China Eastern Airlines 4 желтоқсанда Шанхайдан Буэнос-Айреске жаңа ұзақ қашықтықтағы рейсті бастады.

Atameken Business ақпаратына қарағанда, MU745 рейсі түнгі 2-де Пудун әуежайынан ұшып, Оклендте екі сағат аялдап, Аргентина астанасына 25 сағат 55 минутта жетеді.

Жалпы қашықтық – шамамен 20 мың шақырым. Кері бағыттағы MU746 рейсі 29 сағатқа созылады.

Әуе компаниясы бұл бағытты Жердің қарама-қарсы нүктелеріндегі екі қаланы тікелей байланыстыратын әлемдегі алғашқы коммерциялық маршрут деп атап өтті.

Рейс аптасына екі рет Boeing 777-300ER ұшағымен орындалады.

Мұның алдында Air Astana рейстер өзгеруі, кідіруі мүмкін екенін ескерткен еді.