Жаңалықтар

Президент бюджет туралы заңға қол қойды

теңге
Президент бюджет туралы заңға қол қойды / Фото: Shuttertsock

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент қабылдауынан кейін Республикалық бюджет туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысы «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», – делінген Ақорда хабарламасында.

Парламент бекіткен бюджетте не бар еді

Құжатта мемлекет жыл сайын көбірек қаржы жұмсайтыны көрсетілген. Жыл сайын шамамен 1 триллион теңгеге көп. Шығындар келесідей болады:

  • 2026 жыл – 27,7 триллион теңге;
  • 2027 жыл – 28,7 триллион теңге;
  • 2028 жыл – 29,7 триллион теңге.

Алайда мемлекеттың табысы шығынынан аз болады. Елдің кірістері (трансферттерді есептемегенде) келесідей:

  • 2026 жыл – 19,2 триллион теңге;
  • 2027 жыл – 21,2 триллион теңге;
  • 2028 жыл – 23,2 триллион теңге.

Яғни, жыл сайынғы шығын кірістер әлдеқайда төмен болмақ. Үкімет бюджеттегі бұл айырмашылықты трансферттер мен басқа көздер арқылы жабады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қордан 2026-2028 жылдарға арналған ел бюджетіне кепілдендірілген аударым жыл сайын 2,7 триллион теңгені құрайды.

Айта кетейік, 26 қарашада Парламент Қазақстанның үш жылдық бюджетін бекіткенін жазған едік.