
Үкімет «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысын бекітті. Осыған орай, 2026 жылы 2 жыл мерзімге 859 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады.
«2026 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен әскери қызметке жарамды, бірақ бұрын әскери қызмет өткермеген запастағы офицерлер офицерлік лауазымдарда қызмет өткеру үшін жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылады», – делінген құжатта.
Жалпы саны 859 адам шақырылады, оның ішінде:
- Қазақстан Қарулы Күштеріне – 700 адам,
- ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 80 адам,
- ҚР ІІМ Ұлттық ұланына – 64 адам,
- ҚР ТЖМ – 15 адам.
Қаулы 2025 жылғы 20 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Осыған дейін депутаттар әскерге барғысы келмейтін жастарға дрон басқаруды үйретуді ұсынған болатын.