Жаңалықтар

Халықтың алған кредиті 10 айда 3,7 трлн теңгеге өсті

Фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылдың 10 айында қазақстандықтардың алған несиесі 3,7 трлн теңгеге өскен. Жыл басындан халықтың мойнындағы кредиті 22,4 трлн теңге болса, 1 қарашада 26,1 трлн теңгеге жеткен. Ұлттық банк дерегіне сәйкес, жыл басынан бергі өсім 14,1 пайызды құраған.

Жалпы 10 айда экономикаға берілген несие көлемі 41,9 трлн теңгеден 49,1 трлн теңгеге жеткен.

Соның ішінде 23,0 трлн теңге немесе жалпы кредиттің 46,8%-ы – бизнеске берілген кредиттер. Бұған қаржылық емес заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің бизнес мақсаттарына алған қарыздары кіреді. Биыл бизнестің шетел валютасында алған кредитінің көлемі өсіп, 4,2 трлн теңгеден 5,3 трлн теңгеге жеткен.

Ал 26,1 трлн теңге немесе 53,2%-ы халықтың алған борышы. Қазақстандықтар несиені негізінен теңгеде рәсімдейді.

Экономикаға бөлінген кредиттердің 85,5% пайызын банктер беріп отыр. Алайда Қазақстанда кәсіпке кредит алу тым қымбат.