Жаңалықтар

Қазақстан сәбізді экспорттауға тыйым салады

сәбіз
Қазақстан сәбізді экспорттауға тыйым салады / Фото: Shutterstock

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан сәбіз экспорттауға уақытша тыйым салуды көздеп отыр. Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында жария болды.

«Транзитті қоспағанда, Қазақстаннан көліктің барлық түрлерімен үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне сәбізді (СЭҚ ТН 0706100001) экспорттауға үш ай мерзімге уақытша тыйым салу белгіленеді», – делінген жобада.

Құжатта бұйрықты әзірлеуге сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негіз болғаны атап өтілген.

Айта кетейік, Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімін кеңейтуді ұсынды. Министрлік тізімге енгізуге ұсыныс жасаған тауарлардың арасында сәбіз де болған.