
Алматыда маңында жол апатына түскен үндістандық студент қайтыс болды.
Жол апаты 2026 жылдың 6 қаңтарында болған. Салдарынан сол кезде-ақ екі студент қайтыс болды.
Қазақстандағы Үндістан елшілігінің хабарлауынша, үш күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан студент өмірден өтті.
«6 қаңтардан бері жансақтау бөлімінде жатқан Рахул Ядав (2001 жылы туған) таңертең қайтыс болды. Оның мәйітін тасымалдау ұйымдастырылып жатыр. Осы апатта қаза тапқан екі үндістандық студент – Каран Пармар мен Риширадж Байраттың мәйіті бүгін Үндістанға жөнелтілді», – делінген ақпаратта.
Апат кезінде көлікте Үндістанның бес азаматы болған. Төртеуі – Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенті. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан.