Жаңалықтар

Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады

фото: Kursiv Media тілшісі

Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады. Бұл жайлы Ұлттық құрылтайда Тоқаев хабарлады.

«Қолданыстағы Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін аппараттық құрылымдардың бір бөлігі, сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылуға тиіс», – деді президент.

Осы тұсын айтып бола бере жанында отырған мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринге бір қарады.

«Ренжіме», – деп күлді президент.

Мемлекеттік кеңесшінің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы Жарлыққа Президент Тоқаев 2022 жылғы маусымда қол қойған еді.

Құжатқа сәйкес, Мемлекеттік кеңесші – Президент қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы. Ол өз қызметін Президенттің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және оның бақылауында болады.