
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Бұл туралы Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Ел экономикасы 2025 жылы 6,5%-ға өсті. Елдің ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты. Ал жан басына шаққандағы өсім Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды.
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%-ға артты. Халық саны 20,5 млн адамға жуықтады. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті», – деді Тоқаев.
Айта кетейік, 2023 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 75,09 жасқа жетті. Ұлттық статистика бюро мұны 25 жылдағы рекордтық көрсеткіш деп атаған.