Жаңалықтар

Проблемалық кредиттер қоры басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

Фото: ҰҚК

Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды. Бұл жөнінде ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

«Тергеу материалдарына сәйкес, ол жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақша қаражатын ұстап қалу құқығын заңсыз беріп, мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген»,  – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан. Салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.

Айта кетейік, жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғанын растаған еді.