
Қырғызстанда 27 жастағы тұрғын бұрынғы әйелінің үйінен ақша мен алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікке ілінді.
24.kg ақпаратынша, бұл туралы Баткен облысы Раззаков қаласындағы ІІБ баспасөз қызметі хабарлаған.
Алдын ала деректер бойынша, келтірілген шығын көлемі – 160 мың сом.
Күдікті баласын көруге келген кезде бұрынғы жұбайына тиесілі алтын әшекейлер мен ақшаны ұрлап кеткен.
Жәбірленуші милицияға арызданғаннан кейін, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны жедел түрде ұстады.
Аталған дерек «Ұрлық» бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Айта кететін жайт, Шымкентте ондаған үйден 20 млн теңгенің алтынын ұрлаған бір топ азамат ұсталды.