Дана Нұржігіт қалай сталкингке ұшырағаны туралы кітап шығармақ

Жарияланды 14 Сәуір 2026 11:46

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Дана Нұржігіт / фото: Instagram
Дана Нұржігіт / фото: Instagram

Танымал журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт күзде сталкинг туралы кітабының тұсаукесері болатынын жария етті.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, сталкинг өмірлік сабақ болған.

«Жұрттан қаламыз ба?! Сталкинг сынақ та, сабақ та болды мен үшін. Сол арқылы есейудің маңызды 3 кезеңінен өттім: 1. Айналамның бәрі кінәлі. 2. Бәріне МЕН кінәлі. 3. Ешкім кінәлі емес! Қабылдадым. Ризамын. Күзде кітабымның тұсаукесері!», – деп жазды Дана Нұржігіт.

Экс-сенатор қоқан-лоқы құрбаны болғанын жасырмаған. Мұның алдында екінші күйеуі сталкинг жасағанын айтқан еді. Тіпті, ашық сұхбатынан кейін тағы да белгісіз біреулер кибер-сталкинг көрсеткен.

Сондай-ақ Дана Нұржігіт депутат Ардақ Назаровқа уәж ретінде тағдырын айтып, елдің жүрегін ауыртқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз