
Paramount+ платформасында 9 қазанға жоспарланған «Аватар: Аанг туралы аңыз» (The Last Airbender) жаңа мультфильмі күтпеген жерден интернетке шығып кетті. «Мир фантастики» басылымының хабарлауынша, туындының қалай «жылыстап» кеткені әлі белгісіз.
Қазіргі уақытта екі негізгі нұсқа қарастырылып жатыр: Студия серверлерін киберқылмыскерлер бұзған болуы мүмкін немесе ақпараттың тарап кетуіне студия ішіндегі техникалық ақау немесе адами фактор себеп болуы ықтимал.
Сюжет: Кейіпкерлер есейген
Жаңа мультфильм түпнұсқа сериалдың тікелей жалғасы. Оқиға басты зұлымды жеңгеннен кейін бірнеше жыл өткен соң өрбиді. Басты кейіпкерлер есейіп, өз істерімен айналысады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмі қашан шығатынын жазған едік.