
Рүстем Омаровтың «Алаяқтар» (Мошенники) фильмін кейбір кинотеатр желісі прокаттан алып тастаған. Бұл туралы фильмнің әлеуметтік парақшасында жазылды.
«Көрермендердің зор қызығушылығы мен жоғары рейтингіне қарамастан, «Алаяқтар» фильмі Kinopark & Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің прокатынан алынды» – делінген хабарламада.
Фильм авторлары «бұл біз ықпал ете алмайтын жағдай» дейді. Дегенмен басқа да ірі кинотеатрлар желісінде фильм көрсетіліп жатыр.
«Алаяқтар» фильмі прокаттың алғашқы аптасында 326 млн теңге жинаған.