
Kursiv.Media зерттеуінше Қазақстанның кітапхана қорының қазіргі жай-күйіне жасалған талдау елдегі оқу мәдениеті мен ресурстардың таралуы туралы маңызды деректерді қамтиды. Елдегі кітаптар, газеттер саны және өңірлердегі жағдай туралы деректерді талдайтын боламыз.
Қазақстанның жалпы кітапхана қоры 110 миллионнан асты
Республика бойынша кітапханалардың жалпы қоры 110,3 млн дананы құрайды. Оның ішінде негізгі үлес, яғни 69,6 млн данасы дәстүрлі баспа кітаптарына тиесілі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кітаптардың 44,0%-ы мемлекеттік тілде. Бұл көрсеткіш елдегі қағаз форматындағы әдебиеттердің әлі де басым екенін және басты білім көзі болып қала беретінін дәлелдейді.

Алматы қаласы елдегі кітап қазынасының абсолюттік көшбасшысы
Статистика бойынша Алматы қаласының кітапхана қоры таңғалдырарлық деңгейде, яғни 37,6 млн данаға жеткен. Бұл бүкіл Қазақстан қорының шамамен 34%-ын құрайды. Әсіресе, «басқа да әдебиеттер» санатында Алматы 21,6 млн данамен республикалық деңгейдегі ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.
Цифрландыру деңгейі және электронды тасымалдағыштардың үлесі
Қазіргі заманғы технологиялардың дамуына қарамастан, электрондық жеткізгіштегі ресурстардың үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Республика бойынша бар болғаны 1,8 млн электронды ресурс тіркелген. Бұл жалпы қордың тек 1,7%-ына ғана тең. Бұл бағыттағы ресурстардың басым бөлігі де Алматы қаласында (1,4 млн дана) шоғырланған.
Өңірлер арасындағы кітап қорының теңсіздігі
Аймақтар бойынша алып қарайтын болсақ, Алматыдан кейінгі орындарда Батыс Қазақстан облысы (6,9 млн дана), Түркістан облысы (6,0 млн дана) және Жамбыл облысы (5,0 млн дана) тұр. Ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген, мұндағы қор 841 мың дананы құрайды. Бұл аймақтың демографиялық және әкімшілік ерекшеліктеріне байланысты қалыпты жағдай деп есептеледі.
Мерзімді басылымдар мен аудиовизуалды материалдардың таралуы
Кітапханаларда журналдардың саны 6,6 млн дана газеттерден 2,4 млн дана едәуір көп. Сонымен қатар аудио және видео материалдар санаты ең сирек кездесетін ресурс. Олардың жалпы саны бүкіл ел бойынша небәрі 290 972 дананы құрайды. Бұл бағытта Түркістан облысы газеттер саны бойынша 199 мың дана басқа өңірлерден оқ бойы озық тұр.
Еске сала кетейік 23 сәуір елімізде Ұлттық кітап күні болып қабылданған болатын.