Мобильді аударым тексеріледі: салық органдары алғашқы ескертуді мамырда жібермек

Жарияланды 22 Сәуір 2026 14:33

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Мамырда алғашқы ескерту келе бастайды / Фото: shutterstock

Банктер халықтың мобильді аударымдары туралы деректерді салық органдарына берген. Қазір салық мекемелері осы деректерді талдап-сараптап жатыр. Мамыр айында аударымдары лимиттен асқандарға алғашқы ескерту жіберіледі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәжіліс кулуарында айтты.

«Өйткені бұл ақпаратты талдап, әр санат бойынша салыстырып шығу керек. Ол жеке кәсіпкер ме, болмаса өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат па? Сондықтан әзірге қанша адамға қандай ескерту жіберілетіні жайлы айтуға әлі ерте», – деді ол.

Біржанов деректер әртүрлі банктен келіп түсетіндіктен, бүкіл ақпаратты талдау үшін уақыт қажет екенін еске салды. Егер бір адамға үш ай ішінде 100-ден астам адамнан ақша аударылып, жалпы көлемі 1 миллион теңгеден асып кетсе, салық органдары алдымен азаматқа хабарлама жібереді. Онда қаражаттың қайдан түскенін түсіндіріп беру сұралады.

15 сәуірден халықтың мобильді аударымдарын тексеру басталған. Алайда бұған тұрмыстық шығын, туыс, достар арасындағы көмек, сыйлық немесе бірреттік түсімдер кірмейді.

Сондай-ақ оқыңыз