Brent маркалы мұнай бағасы 104 доллардан асты

Жарияланды 23 Сәуір 2026 15:17

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Мұнай бағасы қанша / фото: gemini generated

23 сәуір Астана уақытымен сағат 15:02 де мұнай нарығында баға өсті: Brent маркалы мұнайдың құны 2,05%-ға қымбаттап, барреліне 104,12 долларды құрады. Қазақстандық КҚК қоспасы (CPC Blend) одан да жоғары қарқын көрсетіп, 2,52%-дық өсіммен 114,11 долларға жетті.

Ал WTI маркасының бағасы 94,54 доллар деңгейінде тұр. Нарықтағы бұл серпін – экспорт көрсеткіштері мен жаһандық сұранысқа тікелей әсер ететін маңызды фактор.

Айта кетейік, Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы Фатих Бироль CNBC-ге берген сұхбатында әлемнің бұрын-соңды болмаған энергетикалық қауіпке тап болғанын мәлімдеді. Бұған Иранмен арадағы соғыс пен мұнай тасымалының басты күретамыры – Ормұз бұғазының жабылуы себеп болып отыр.

BBC-дің мәліметінше, қазір ашық соғыс қимылдарының орнына Ормұз бұғазында «кемелерді қоршау соғысы» жүріп жатыр. Екі жақ та бір-бірінің сауда кемелерін ұстап, басып алу арқылы күш көрсетіп отыр. Әлемдегі ең маңызды су жолдарының бірінде жағдай өте шиеленісті, кез келген сәтте бақылаудан шығып кетуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз