Мамырда Каспий құбыры арқылы мұнай экспорты 9%-ға өседі

Жарияланды 23 Сәуір 2026 09:00

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Каспий құбыр консорциум / фото: gemini genertaed

Мамыр айында Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай тасымалын тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Reuters мәліметінше сәуір айындағы көрсеткіштен (1,65 млн баррель) шамамен 9%-ға артық және соңғы айлардың ішіндегі ең жоғарғы деңгей. Айлық жалпы көлем шамамен 7 миллион тоннаны құрамақ.

Экспорт көлемінің арту себептері

Өсімнің басты себебі Қазақстанның бұған дейін «Достық» құбыры арқылы Германияға жіберіп келген мұнайын басқа бағыттарға бұруы. Ресей билігі де 1 мамырдан бастап бұл көлемнің бағыты өзгеретінін растады. Сонымен қатар, «Новатэк» компаниясы өзінің Усть-Лугадағы зауытында болған апаттан кейін газ конденсатының бір бөлігін КҚК жүйесі арқылы экспорттауға шешім қабылдаған.

CPC Blend мұнайына деген сұраныс

Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа байланысты КҚК арқылы тасымалданатын қазақстандық мұнайға (CPC Blend) сұраныс жоғарылап отыр. Қазіргі уақытта бұл сорт әлемдік Brent маркасынан да қымбатырақ бағамен сатылуда.

КҚК-ның экспорттағы рөлі және акционерлері

Қазақстанның бүкіл экспорттық мұнайының 80%-дан астамы осы құбыр арқылы өтеді. Негізгі мұнай Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан келіп, Новороссийск маңындағы терминалдан танкерлерге тиеледі. Жобаның негізгі иелері – Ресей (31%), Қазақстан (20,75%) және Chevron (15%) компаниясы.

Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 2026 жылдың наурыз айында мұнай айдау көлемін 6,2 млн тоннаға (тәулігіне 1,58 млн баррель) дейін ұлғайтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз