Қор нарығы: мұнай бағасы шарықтап, S&P жаңа рекорд тіркеді

Жарияланды 26 Сәуір 2026 11:17

(жаңартылды 27 Сәуір 2026 09:31)
Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қор нарығы / фото: gemini genereated

24 сәуір, жұма күні Иран СІМ басшысы Аббас Арагчидің Исламабад – Маскат – Мәскеу бағыты бойынша турнеге аттанатыны белгілі болды. Бұл сапар АҚШ-пен екінші кездесуге дайындық ретінде бағаланып отыр.

Пәкістандағы келіссөздерден кейін дипломатиялық белсенділік артып, Оман мен Ресейде Ормұз бұғазын бұғаттан шығару және иран уранын тасымалдау мәселелері талқыланады деген болжам бар.

S&P 500 : инвесторлардың күтуі

S&P 500 фьючерсі апта ішінде 7141 пунктке жетіп, шоғырлану фазасына өтті. Бұл тренд 7400-7500 деңгейіне дейінгі кезекті раллидің бастауы болуы мүмкін.

Ал Ресей нарығында көңіл қалу басым: Ресей Банкі мөлшерлемені небәрі 0,50 пайыздық пунктке төмендетіп, қатал риторика ұстанғандықтан, IMOEX индексі 2735 пунктке дейін төмендеп, маңызды қарсылық деңгейінен шегінді.

Сонымен қатар осы аптада ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені нарық күткендей 18 пайыз деңгейінде қалдырды.

Шикізат: мұнайдың шарықтауы мен алтынның белгісіздігі

Brent мұнайы аптасына 14,43%-ға күрт қымбаттап, барреліне 106,08 доллар деңгейіне жетті және 107,60 доллардағы техникалық гэпті жапты. My garden сарапшысының пікрінше осыдан кейін нарықта 86,00-88,00 доллар аймағына дейін түзету болуы ықтимал.

Алтын болса 4680-4780 доллар аралығындағы қарсылық аймағында тұрып қалды. Вашингтон мен Тегеран арасындағы прогресс алтынға серпін беруі мүмкін, бірақ әзірге металл әлсіздік танынып

Криптовалюта: Bitcoin трендті өзгертті

Bitcoin осы аптада маңызды жетістікке жетіп, 2025 жылдың қазан айынан бері жалғасып келген төмендеу трендін бұзды. Баға 79 000 доллар деңгейіне табан тіреп, 81 000 доллар қарсылығын бұзуға дайындалуда. Бұл деңгейден асу келесі нысана 88 000- 90 000 доллар ауқымына жол ашады.

Отандық нарық: теңгенің нығаюы және KASE индексі

Қазақстан нарығында ұлттық валюта оң динамика көрсетіп, доллар бағамы 464,75 теңгеге дейін төмендеді. KASE индексі 7889,38 пункт деңгейінде тұрақталды.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18,00% деңгейінде сақтап отыр, бұл теңге активтеріне деген қызығушылықты қолдауға септігін тигізеді.

Қазақстандық акциялар: апта қорытындысы

Отандық эмитенттер арасында «Қазатомөнеркәсіп» (+3,48%) және Kaspi.kz (+3,19%) акциялары ең жақсы өсім көрсетті. Сонымен қатар Solidcore мен Халық Банкі де оң аймақта қалды.

Ал аптаның басты аутсайдерлері – Forte Bank (-10,29%) және Freedom Holding (-8,88%) болды, олардың котировкаларында айтарлықтай түзету байқалды

Сондай-ақ оқыңыз