
Жұма күні Иран СІМ басшысы Аббас Арагчидің Исламабад – Маскат – Мәскеу бағыты бойынша турнеге аттанатыны белгілі болды. Бұл сапар АҚШ-пен екінші кездесуге дайындық ретінде бағалануда. Пәкістандағы келіссөздерден кейін дипломатиялық белсенділік артып, Оман мен Ресейде Ормұз бұғазын бұғаттан шығару және ирандық уранды тасымалдау мәселелері талқыланады деп күтілуде.

S&P 500 : Инвесторлардың күтуі
S&P 500 фьючерсі апта ішінде 7141 пунктке жетіп, консолидация фазасына өтті. Бұл тренд 7400-7500 деңгейіне дейінгі кезекті раллидің бастауы болуы мүмкін. Ал Ресей нарығында көңіл қалу басым: Ресей Банкі мөлшерлемені небәрі 0,50 п.п.-ға төмендетіп, қатал риторика ұстанғандықтан, IMOEX индексі 2735 пунктке дейін төмендеп, маңызды қарсылық деңгейінен шегінді. Сонымен қатар осы аптада ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені нарық күткендей 18,00 п.п қалдырды.
Шикізат: Мұнайдың шарықтауы мен алтынның белгісіздігі
Brent мұнайы аптасына 14,43%-ға күрт қымбаттап, барреліне $106,08 деңгейіне жетті және $107,60-тағы техникалық гэпті жапты. My garden сарапшысының пікрінше осыдан кейін нарықта $86,00-88,00 аймағына дейін түзету болуы ықтимал. Алтын болса $4680-4780 аралығындағы қарсылық аймағында тұрып қалды. Вашингтон мен Тегеран арасындағы прогресс алтынға серпін беруі мүмкін, бірақ әзірге металл әлсіздік танытуда.
Криптовалюта: Bitcoin трендті өзгертті
Bitcoin осы аптада маңызды жетістікке жетіп, 2025 жылдың қазан айынан бері жалғасып келген төмендеу трендін бұзды. Баға $79 000 деңгейіне табан тіреп, $81 000 қарсылығын бұзуға дайындалуда. Бұл деңгейден асу келесі нысана $88 000- 90 000 ауқымына жол ашады.
Отандық нарық: Теңгенің нығаюы және KASE индексі
Қазақстан нарығында ұлттық валюта оң динамика көрсетіп, доллар бағамы 464,75 теңгеге дейін төмендеді. KASE индексі 7889,38 пункт деңгейінде тұрақталды. Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18,00% деңгейінде сақтап отыр, бұл теңге активтеріне деген қызығушылықты қолдауға септігін тигізеді.
Қазақстандық акциялар: Апта қорытындысы
Отандық эмитенттер арасында «Қазатомөнеркәсіп» (+3,48%) және Kaspi.kz (+3,19%) акциялары ең жақсы өсім көрсетті. Сонымен қатар Solidcore мен Халық Банкі де оң аймақта қалды. Ал аптаның басты аутсайдерлері – Forte Bank (-10,29%) және Freedom Holding (-8,88%) болды, олардың котировкаларында айтарлықтай түзету байқалды