Долларға балама: юаньның жаһандық саудадағы экспансиясы

Жарияланды 27 Сәуір 2026 10:04

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Доллар мен Юань / фото: gemini generated

Қытай билігі юаньның болашағына үлкен сеніммен қарай бастады. Олар бұрыннан долларға тәуелділіктен құтылғысы келетін. Си Цзиньпин Қытайдың «мықты» валютасы болуы керек деп те мәлімдеді. Әзірге Юань долларға жете қоймаса да, Американың саясатынан және доллардың үстемдігінен шаршаған елдер мен компаниялар үшін «жайлы баспанаға» айналып келеді. The Economist сарапшылары юань біртіндеп қауіпсіз баспанаға айналып келе жатқанын айтады.

Бұрын Қытай тек мақтанатын болса, енді нақты нәтижелер көрініп келеді. Наурыз айында Қытайдың төлем жүйесі (CIPS) арқылы күніне 134 млрд долларға жуық ақша айналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Сарапшылардың айтуынша, өсімге Ирандағы соғыс пен дағдарыс себеп болған. Иран мұнайын юаньға сатып, тіпті кемелерден өту ақысын да осы валютамен алып жатқан көрінеді.

Қауіпсіздік

Ресейді SWIFT жүйесінен (халықаралық банк желісі) шығарып тастағаннан кейін, көптеген елдер «ертең біздің басымызға да осындай күн туса не істейміз?» деп ойлана бастады. Сондықтан олар юаньды балама ретінде таңдап отыр. Қазір Америкада несие алу қымбат, ал Қытайда пайыздық мөлшерлеме өте төмен (1.4% шамасында). Сондықтан Португалия, Индонезия сияқты елдер мен ірі компаниялар юаньмен қарыз алуды тиімді көреді.

Долларға балама болу

The Economist сарапшыларының пікірінше юань әлі де Америка долларының деңгейіне жеткен жоқ. Доллар әлемдік сауданың 80%-ын иеленіп тұрса, юань небәрі 8%-ын қамтиды.

Бірақ юаньның мақсаты – долларды жеңу емес, оған балама болу. Американың санкцияларынан немесе доллардың құбылмалылығынан қорыққандар үшін юань жақсы таңдау болып тұр. Сарапшылар бұл жағдай Қытай үшін валютасын әлемге танытудың «алтын мүмкіндігі» екенін айтып отыр.

Еске сала кетейік, ақпан айында Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин юаньды жаһандық резервтік валюта ретінде тануға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз